Шерушілер Джексонның мүсінін құлатуға әрекет жасады

АҚШ-та шерушілер Ақ Үй алдындағы паркте орналасқан Эндрю Джексонның мүсінін құлатуға әрекет жасады.

1441513
Шерушілер Джексонның мүсінін құлатуға әрекет жасады

АҚШ-та бір топ шеруші Ақ Үй алдындағы Lafayette Park-те орын алған бұрынғы АҚШ президенті Эндрю Джексонның мүсінін құлатуға әрекет жасады.

Афро-американдық Джордж Флойдтың полиция қорлығымен өлімінің артынан нәсілшілдікке наразылық ретінде АҚШ-тың түкпір-түкпірінде басталған «мүсін құлату» акциясы Ақ Үйдің алдына дейін келіп жетті.

Lafayette Park-тің символдарының бірі болып қабылданған 7-ші АҚШ президенті Джексонның мүсініне жіп байлаған жүздеген шеруші ескерткішті құлатуға әрекет жасады.

Шеру барысында Джексонға қарсы ұрандар тастаған шерушілерге мүсінді құлатуға тырысқан кезде парк полициясы мен барлау комитеті полиция қызметкерлері операция жасады.

Полиция шерулерді көз жасаурататын газ қолданып оқиға орнынан тарақатты және мүсінді қорғауға алды.

Джексон көптеген жергілікті американдықтың өліміне себеп болған «Үндістерді қоныстандыру заңының» негізін салушы және көптеген құлы болған бір президент ретінде белгілі.

Басқа жағынан аталмыш оқиғаға твиттер парақшасынан наразылық көрсеткен АҚШ президенті Дональд Трамп «Lafayette Park-тің ішіндегі керемет Эндрю Джексон мүсінін нысанаға алған вандализмде көптеген адам тергеуге алынды» деді.

Трамп аталмыш тұлғалардың тиісті заң бойынша 10 жылға сотталатынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар