Нигериядағы шабуылда 23 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-батысында ұйымдастырылған қарулы шабуылда 23 адам қаза тапты.

1440758
Нигериядағы шабуылда 23 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-батысында ұйымдастырылған қарулы шабуылда 23 адам қаза тапты. 

Нигерия баспасөздерінде орын алған хабарларға қарағанда мотоциклге мінген қарулы адамдар Замфара уәлаятына қарасты Туван-Тофа ауылына шабуыл жасады. 

Шабуылда 23 адам қаза тапты және көптеген адам жарақат алды.

Замфара уәлаяты полиция басқармасы мәлімдемешісі Мұхаммед Шеху аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін және тергеу жұмысының басталғанын айтты. 

Замфара уәлаятында 4 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысқан Фуланилер мен диқаншылықпен айналысқан кейбір тайпалар арасында қақтығыстар болып келді. 

Малдарын жаю үшін елдің оңтүстігіне қоныс аударған Фуланилер диқандардың малдарын ұрлағанын және өздеріне шабуыл жасағанын алға тартуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар