Ливиядан Араб Одағының шешіміне наразылық

Ливия үкіметі Араб Одағы ұйымдастырған Ливия тақырыпты жиналысты қабылдамады.

1440874
Ливиядан Араб Одағының шешіміне наразылық

Ливия Араб Одағы секретариятының ішкі регламентке қарама-қайшы шешім қабылдағанын білдірді.

Ливия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мұхаммед әл-Каблави Каирдің талабымен Араб Одағы қабылдаған кезектен тыс отырыс шешімінің қолға алынғанын және отырысты қабылдамағандарын атап көрсетті.

Араб Одағы Бас хатшысының ішкі регламентке қарама-қайшы отырыс мерзімі белгілегенін атап көрсеткен Каблави Араб Одағын жүйеге бағынуға шақырды.

Басқа жағынан Араб Одағы Бас хатшы орынбасары Зеки әл-Эмин бүгін өткізілуі жоспарланған Ливия отырысын техникалық дайындықтар мен делегациялардың қатысуын қамтамасыз ету үшін ертеңге қалдыруға шешім қабылданғанын хабарлады.

Араб Одағы Бас хатшысы өткен жұма күні Мысырдың Ливиядағы жаңалықтарға байланысты келіссөздерді жүргізу үшін кезектен тыс жиналысқа шақырғанын жариялаған еді.

Ливия Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде болса Каир әкімшілігінің аталмыш жиналысты Ливия үкіметімен кеңеспегенін, бұл себепті отырыстың жалпы ережелерге қарама-қайшы екенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар