Иран ядролық бақылау рапортына наразы

Зариф Ұлыбритания мен Францияны Халықаралық Атом Энергиясы агенттігінің Әкімшілік кеңесінде Иранға қарсы әрекет жасамауға шақырды.

1438895
Иран ядролық бақылау рапортына наразы

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф Ұлыбритания мен Францияны Халықаралық Атом Энергиясы агенттігінің Әкімшілік кеңесінде Иранға қарсы әрекет жасамауға шақырды.

Джевад Зариф ресми ақпарат желісінен жасаған мәлімдемесінде Халықаралық Атом Энергиясы агенттігінің Әкімшілік кеңесінің Иранға  байланысты рапортын айыптады. 

"Халықаралық Атом Энергиясы агенттігінің ядролық келісімге қарсы болғандардың Иранның мүддесіне қауіп төндіруіне рұқсат бермеуі керектігін" білдірген Зариф:

"Ядролық келісімдегі жауапкерліктерін орындамаған Еуропадағы 3 ел Германия, Ұлыбритания мен Франция қылмысқа ортақ болмасын" деді. 

Иранның екі түйіндегі бақылауға рұқсат бермегені пайымдаулары жөнінде Зариф мыналарды айтты:

"Жасыратын еш нәрсеміз жоқ. Иранда соңғы 5 жылдағы бақылаулар Халықаралық Атом Энергиясы агенттігінің барлық бақылауынан да көп. Келісім жасасуға болады. Алайда Халықаралық Атом Энергиясы агенттігі Әкімшілік кеңесінің Иранға қарсы шешімі осы мүмкіндікті жояды."

Халықаралық Атом Энергиясы агенттігінің Ирандағы ядролық бақылауға байланысты өткен апта жариялаған рапортында Тегеранның 4 айдан бері агенттік бақылаушыларына 2 түйінде тексеру жүргізуге рұқсат бермегені білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар