Эфиопияда Сидамо 10-шы уәлаят болды

Эфиопияда референдуммен өз уәлаяттарын құруға шешім қабылдаған Сидамо этникалық тобы елдің ресми 10-шы уәлаяты болды.

1438898
Эфиопияда Сидамо 10-шы уәлаят болды

Эфиопияда референдуммен өз уәлаяттарын құруға шешім қабылдаған Сидамо этникалық тобы елдің ресми 10-шы уәлаяты болды.

FANA телеарнасының хабарына қарағанда елдегі ондаған этникалық топқа үй иесі болған Оңтүстік уәлаяты ресми рәсіммен сидамолар тұратын алаңдағы билікті Сидамо аймағына тапсырып берді. 

Елдің оңтүстігіндегі туристік Хавасса қаласының жаңа уәлаяттың орталығы болатыны жарияланды.  Уәлаяттың кабинеті мен мәжілісінің жақында жариялануы күтілуде.

Сидамолықтардың 98 пайызы қараша айында өткен референдумда тәуелсіз бір федерел уәлаят үшін "мақұл" дауысын берді.

2007 жылғы жан саны санағына қарағанда елдің 4 пайызын сидамолықтар құрайды. 

Этникалық негіздегі 10 уәлаят және Аддис Абаба мен Дире Дауа сияқты арнайы қала әкімшіліктерінен құралған елде 80-нен астам этникалық топ бар. 



Ұқсас жаңалықтар