"Deksametazon" жаңа коронавирусқа пайдалы екен

"Deksametazon" атты арзан және көлемді қолданылатын бір дәрінің коронавирус індетінде өлім қаупін төмендеткені анықталды.

1437304
"Deksametazon" жаңа коронавирусқа пайдалы екен

Ұлыбританияда жасалған сынамаларда бір түрлі steroid дәрісінің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен қатты ауырған науқастардың өмірін құтқаруға жәрдемші болатыны білдірілді.

Оксфорд Университеті жүргізген сынама жұмыстарында "Deksametazon" атты арзан және көлемді қолданылатын бір дәрінің коронавирус індетінде өлім қаупін төмендеткені анықталды.

Осы дәрімен емдеуде тыныс алу жиһазына тәуелді науқастарда өлім мөлшерін үштен бір, қалыпты оттегімен емделген науқастарда бестен бір мөлшерінде азайтқаны байқалды. 

Мамандар төмен мөлшердегі steroid дәрісімен емдеудің өлімшіл вирусқа қарсы  күресте маңызды ілгерлеу көрсеткенін білдірді.

Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок коронавирус науқастарына 16 маусымнан бастап "Deksametazon" атты дәрінің беріле бастайтынын және 200 мың дана дәрілері бар екенін айтты.

BBC-дің осы тақырыпқа байланысты хабарында дәрінің вирус ауруы жеңіл болғандарға тым әсер жасамағаны, сол себепті дәріні жинаудың қажет емес екені жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар