Иран қару санкциясы жайлы мәлімдеме жасады

Рухани қазан айында аяқталатын БҰҰҚК-нің  Иранға бағытталған халықаралық қару санкциялары атомдық келісімнің жеңісі екенін айтты.

1436069
Иран қару санкциясы жайлы мәлімдеме  жасады

Иран президенті Хасан Рухани қазан айында аяқталатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің  Иранға бағытталған халықаралық қару санкцияларының атомдық келісімнің бір жеңісі екенін айтты. 

Рухани астана Тегерандағы Министрлер кеңесі жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі және Халықаралық атомдық энергиясы агенттігі мүшесі елдеріне үн қатып, Америка Құрама Штаттарының саясатына қарсы шығуын талап етті. Рухани, "Қару санкцияларының қазан айында аяқталуы атомдық келісімнің маңызды бір жеңісі болып табылады. Барлық елдерге үн қатамын. Сондай-ақ зымияндық ойындарды аңғаруларын және АҚШ-тың жоспарының мән-жайын түсінулерін тілеймін. Басқа күшті елдер АҚШ-тың осы жеңіске қарсы шыққан жағдайда біздің наразылықтарымыздың қандай болатынын біледі" деген сөздер қолданды. 

Рухани қару санкцияларының доғарылуымен қатысты АҚШ-қа қарсы үлкен табыстарға қол жеткізетіндерін және АҚШ-тың Иран үшін дайындаған жоспарының босқа кететінін алға тартып, "АҚШ Халықаралық валюта қорынан 5 миллиард долларлық несие талабымызды бұзуға да тырысуда. Бұл ұйымның АҚШ-тың қысымына бас имеуін және барлық елдердің уәделерін орындауларын тілеймін" деді. 

 

 


Этикеттер: #несие , #Иран , #санкция , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар