Коронавируста соңғы жағдай

Өлім-жітім әлем көлемінде 419 мың 390-нан асты.

1433647
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 419 мың 390-нан асты. Расталған оқиға саны 7 миллион 478 мың, жазылып кеткендер саны 3 миллион 792 мың болды.

Ең көп оқиға мен қайтыс болғандар тіркелген ел Америка Құрама Штаттары болды. Елде эпидемия салдарынан 114 мың 273 адам көз жумды. 25 мамыр күні Джордж Флойдтың полиция қорлығынан қайтыс болуының артынан басталған нәсілшілдікке қарсы шерулер кезінде вирус жұқырғандар санының 2 миллионнан асқаны білдірілді.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда Covid-19 cалдарынан қайтыс болғандар саны 1 тәулікте 245-ке көбейіп, 41 мың 128-ге өсті. Расталған 1 003 жаңа оқиғамен вирусты жұқтырғандар саны 290 мың 143-ке жетті. 

Италияда коронавирус салдарынан бір күнде қайтыс болғандар саны 71-ге көбейіп, 34 мың 114-ке жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы болса мың 162 азайып, 31 мың 710 болды. Соңғы 24 сағатта 202 жаңа оқиға тіркелді.

Францияда коронавирус себебімен соңғы 24 сағатта 23 адамның қайтыс болуымен, өлім-жітім 29 мың 319-ға, вирус жұқтырғандар саны 545-ке көбейіп, 192 мың 541-ге жетті.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 24 сағатта өлім тіркелмегенін жариялады. Қазірше қайтыс болғандар саны 27 мың 136 деп қайталанды. Жаңа оқиға саны 167 болған елде вирусты жұқтырғандар саны да 242 мың 280 болды.

Португалияда болса соңғы 24 сағатта Сovid-19 салдарынан 5 қаза тауып, қайтыс болғандар саны мың 497-ге, оқиға саны 294-ке көбейіп, 35 мың 600-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар