Ауру белгісі жоқ тасымалдаушыдан вирус жұға ма?

Гебрейесус аурудың белгісі жоқ тасымалдаушылардан вирус жұғып жұқпайтынын анықтайтын зерттеулердің жалғасып жатқанын айтты.

1433809
Ауру белгісі жоқ тасымалдаушыдан вирус жұға ма?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың жаңа түрін жұқтырып алса да,  аурудың белгісі жоқ тасымалдаушылардан вирус жұғып жұқпайтынын анықтайтын зерттеулердің жалғасып жатқанын айтты.

Гебрейесус Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Женевадағы орталығында видео конференция арқылы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Covid-19-дың жаңа вирус екенін еске салған ол: “Көп нәрсе үйрендік,  бірақ әлі білмейтінеріміз де жеткілікті” деді. 

Гебрейесус апта сайын мүше елдердің медиа органдарымен тікелей кездескендерін,  коронавирусқа байланысты соңғы ғылыми айғақтар мен эпидемияның сатылары туралы әлем жұртшылығына мәлімет беруді жалғастырғандарын білдірді. 

Covid-19 вирусын тасымалдаушы,  ауру белгісі жоқ адамдардан вирус жұғу таластарына да тоқталған Гебрейесус: “Ақпан айының басынан бері ауру белгісі жоқ тасымалдаушы адамдардың вирус жұқтыруы мүмкін екенін айтып келдік, бірақ осындай тасымалдаушылардың жұқтыру дәрежесін анықтау үшін одан да көп зерттеу жүргізу керек. Зерттеулер әлі жалғасуда.” деді. 



Ұқсас жаңалықтар