Әлемде коронавирус

Коронавирус эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 411 мыңнан асты.

1432961
Әлемде коронавирус

Коронавирус эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 411 мыңнан асты.  Оқиға саны 7 миллион 463 мың, сауығып кеткендердің саны да 3 миллион 576 мың болды. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда бір күнде 286 адам қайтыс болды. Індеттен қайтыс болғандардың саны 40 мың 883-ке жетті. Ұлттық Статистика мекемесі болса жан шығынының мамыр айының деректері бойынша 50 мыңнан асқанын білдірді. Бір күнде 1 387 адамда вирус анықталып,  вирус жұқтырғандардың жалпы саны 289 мың 140 болды. 

Италияда Covid-19 себебімен соңғы 24 сағатта 79 кісі қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 34 мың 043-ке жетті.  Ел көлемінде бір күнде 283 адамда вирус анықталды. 

Францияда эпидемиядан бір күнде 87 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 29 мың 296-ға жетті.  Вирус жұқтырған адам саны 191 мың 996 болды. 

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі екі күннен бері жаңа өлім оқиғасын білдірмеді. Министрлік 84 жаңа диагноз қойылғанын хабарлап,  вирус жұқтырған адам санының 241 мың 966-ға жеткенін білдірді. 

Португалияда коронавирустан соңғы бір тәулікте 7 адам қайтыс болды. Елде қайтыс болғандардың жалпы саны 1 492-ге жетті.  Бір күнде 421 адамда вирус анықталды. Лиссабон және төңірегінде 8 мамыр күнінен бері ең жоғары көрсеткіш тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар