Гутерриш ескертті

Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысы азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты ескерту жасады.

1433017
Гутерриш ескертті

Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысы Антониу Гутерриш азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты ескерту жасады. 

Гутерриш азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында бір бейне таспа жариялады. Ол 7,8 миллиардық адам баласына жететін азық-түлік болғанына қарамастан,  коронавирус эпидемиясының жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін айтты. 

Әлем бойынша 820 миллионнан астам адамның аштық шеккенін және әрбір бес баланың бірінің жеткіліксіз тамақтану салдарынан жетілмей қалғанын білдірген бас хатшы: “Азық-түлік жүйесі қирап барады, Covid-19 пандемиясы жағдайды одан сайын қиындатуда” деді. 

“49 миллион адам пандемия салдарынан асыра кедей болуы мүмкін.  Азық қауіпсіздігі жоқ адамдардың саны да артады” деді ол.



Ұқсас жаңалықтар