Бурунди президенті Нкурунзиза қайтыс болды

Бурунди президенті Пьер Нкурунзиза жүрек ұстамасынан қайтыс болды.

1432784
Бурунди президенті Нкурунзиза қайтыс болды

Бурунди президенті Пьер Нкурунзиза жүрек ұстамасынан қайтыс болды.

Үкіметтен жасалған мәлімдемеде 55 жастағы Пьер Нкурунзизаның сенбі күні волейбол ойнағаннан кейін, түнде қайта науқастанып, емханаға апарылғаны білдірілді.

Жексенбі күні тәуірленіп қалғаны айтылған президенттің 9 маусым күні жүрегі қысылып, құтқару өнім бермегені хабарланды.

Пьер Нкурунзизаның отбасына және Бурунди халқына көңіл айту тілегі жеткізілген мәлімдемеде 7 күндік аза жарияланғаны, осы процесте байрақтың жартылай түсірілетіні білдірілді. 

Президент Пьер Нкурунзиза 2005 жылдан бері жалғастырған президенттік міндетін мамыр айында өткен сайлаудың жеңімпазы және партиясының үміткері, жақын досы генерал Эварисе Ндайшимиге 20 тамызда өткізіп беруге дайындалып жатқан.    



Ұқсас жаңалықтар