Идлибте орыс шабуылында 3 бейуаз мерт болды

Орыс ұшақтарының Идлибтегі әуе шабуылдарында алғашқы анықтамаға қарағанда 3 бейуаз қаза тапты, 3 бейуаз азамат жараланды.

1431991
Идлибте орыс шабуылында 3 бейуаз мерт болды

Орыс ұшақтарының Сирияның Идлиб Дағдарысын азайту аймағында азаматтық елді мекендер мен соғыс желілеріне ұйымдастырған әуе шабуылдарында алғашқы анықтамаға қарағанда 3 бейуаз қаза тапты, 3 бейуаз азамат та жараланды. 

Әскери оппозицияға қарасты ұшақ бақылау орталығының білдіруіне қарағанда орыс әскери ұшақтары аймақта 20-дан астам әуе шабуылын жасады.

Идлиб Азаматтық қорғаныс директоры Мұстафа Хаж Юсуптың айтуына қарағанда Мовзара ауылына ұйымдастырылған шабуылда 2 кісі және Деур Сунбул ауылына жасалған шабуылда бір, жалпы 3 кісі қаза тапты.

Шабуылда жараланған 3 кісіні аймақтағы денсаулық сақтау орталықтарына жолдаған Азаматтық қорғаныс топтары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. 

Түркия, Ресей және Иран қатысқан 2017 жылы 4-5 мамырдағы Астана жиналысында дағдарысты азайту аймағы деп жарияланған Идлибте атысты тоқтату атқарылса да, Асад режимі мен одақтастары келісімді бұзып, шабуылдарын жалғастырып келеді. 



Ұқсас жаңалықтар