Флойд үшін үшінші жаназа рәсімі ұйымдастырылды

Полицияның қорлығымен өлтірілген Африка текті Джордж Флойд үшін Техаста үшінші жаназа рәсімі ұйымдастырылды.

1432015
Флойд үшін үшінші жаназа рәсімі ұйымдастырылды

Америка Құрама Штаттарында полицияның қорлығымен өлтірілген Африка текті Джордж Флойд үшін туған жері Солтүстік Каролинаның артынан үшінші жаназа рәсімі Техас штатында ұйымдастырылды.

Кеше азанда Хьюстонға апарылған Джордж Флойдтың мәйіті Fountain of Praise шіркеуінде 6 сағат бойынша келушілерге көрсетілді.

Флойдты еске алғысы келген туыс-тамырлары және мыңдаған адам шіркеудің алдында ұзын кезекке тұрды.

Халыққа ашық жаназа рәсіміне Техас губернаторы Грег Аббот денсаулық жағдайының нашарлығы байланысты мүгедектер арбасымен қатысып, Флойдтың табыты алдында құрметін көрсетті.

Джордж Флойдтың мәйіті бүгін отбасына ерекше бір рәсімнің артынан мемлекеті Хьюстондағы Memorial Gardens мазарында жатқан шешесі Ларсения Флойдтың қасына жерленеді.

Миннесота штатында 25 мамыр күнгі оқиғада Африка текті американдық Джордж Флойдты тергеуге алу барысында «Дем ала алмаймын» деп айқайлағанына қарамастан полиция мойынына қатты басып өліміне жол ашқан еді.



Ұқсас жаңалықтар