Индонезияның Ява уәлаятында әскери тікұшақ құлады

Ява уәлаятындағы апатта 4 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

1430952
Индонезияның Ява уәлаятында әскери тікұшақ құлады

Индонезияның Ява уәлаятында әскери тікұшақтың құлауы салдарынан 4 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

Компас газетінің хабарына қарағанда уәлаяттың Кендал аймағында 9 адамнан тұратын экипажы бар «Mi-17» орыс әскери тікұшағы оқу-жаттығу кезінде құлады.

Әскери лауазымдылар құлау себебі белгісіз тікұшақ апатында 4 адамның қаза тапқанын, 5 адамның жарақат алғанын атап көрсетті.

Апатпен байланысты тергеу ашылды.



Ұқсас жаңалықтар