ЕО Ресейді "Үлкен-7"-ге шақыруға қарсы

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік жоғары өкілі Жозеп Боррель Ресейдің "Үлкен-7" саммитіне қайта шақырылуына қарсы екенін айтты.

1428287
ЕО Ресейді "Үлкен-7"-ге шақыруға қарсы

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік жоғары өкілі Жозеп Боррель Ресейдің "Үлкен-7" саммитіне қайта шақырылуына қарсы екенін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейдің "Үлкен-7" саммитіне  қайта шақырылуына бағытталған мәлімдемесінен кейін Боррель Бельгияның астанасы Брюссельде ұйымдастырған баспасөз жиналысында:

"Қазіргі жағдайда "Үлкен-7" Ресей бағытын өзгертпесе, "Үлкен-8" бола алмайды" деді. 

Жозеп Боррель ұқсас көзқарастағы ортақтар арасында ынтымақтастықтың бұрынғыдан да маңызды екеніне меңзеп:

"Жиналыс төрағасы "Үлкен-7" формуласын өзгерту билігіне ие емес" деп көрсетті.

АҚШ президенті Дональд Трамп маусымда ұйымдастырылуы жоспарланған "Үлкен-7" Лидерлер саммитінің қыркүйек айына кешіккенін және ұйымға Үндістан, Ресей, Оңтүстік Корея және Австралия елдерін қосуды қалайтынын жариялаған болатын.

"Үлкен-7" Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және АҚШ елдерінен ұйымдасқан. 

Еуроодақ та "Үлкен-7" ішінде өкілдік етіледі.

Ресей 2014 жылы  Қырымды жаулап алғаннан кейін "Үлкен-7" ұйымынан шығарылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар