АҚШ-тағы шерулер жалғасуда

АҚШ-та 26 мамыр күні полицияның қорлығына қарсы басталған наразылық шерулер жалғасуда.

1428652
АҚШ-тағы шерулер жалғасуда

АҚШ-та Джордж Флойдтың 26 мамыр күні Миннесота штатында полиция қорлығымен өлтірілуінің артынан басталған наразылықтар жалғасуда.

Вашингтонда мың 300 болған ұлттық сарбаздардың саны арттырылып, мың 500-ге жеткізілді.

Нью-Йорк полиция департаменті болса қалада шерулер барысында талан-тараж себепті шамамен 700 адамның тергеуге алынғанын жариялады.

Мәлімдемеде оқиғаларда 10-нан астам полиция қызметкерінің жарақат алғаны және полиция көліктеріне зиян келтірілгені атап көрсетілді.

Қаланың әлемге танымал сауда даңғылдарының бірі 5-ші даңғылдағы (Fifth Avenue) Soho және Herald алаңарында орналасқан люкс дүкендер талан-тараж етілген соң жарияланған коменданттық сағат тағы 1 аптаға созылды.

Қалада талан-тараждың алдын алу үшін жергілікті уақытпен 20.00-ден кейін кейбір көшелер көлік қатынасына жабылды.

Басқа жағынан Техастағы шерулерге қатысқан 25 мың шерушіге Джордж Флойдтың отбасы мүшелері де қосылды.

Калифорнияда болса мыңдаған шеруші ұлттық сарбаздар тағайындалған алаңда шерулерін жалғастырды.

Вашингтон DC-де ұйымдастырылған шерулерге қалың жұрт қатысты.

Ақ Үй мен айналасында полиция, FBI, Ұлттық сарбаздар және Ұлттық қауіпсіздік қызметі ауқымды қауіпсіздік шаралары қабылдады. Ақ Үй алдындағы Lafayette Park алаңына шерушілердің кіруіне рұқсат берілмеді.

Шамамен 15 мың адам Флойдтың өлімі мен елдегі полиция қорлығына қарсы ұрандар тастап, шерулерге қатысты. Алдынғы күндермен салыстырғанда қатысушы санының көп екені назар аударды.

Шерушілер қалада коменданттық сағат жарияланғанына қарамастан бір топ шеруші Ақ Үйден Конгресс ғимаратына дейін шеру ұйымдастырды.

Шерушілер қалада коменданттық сағат жарияланғанына қарамастан бір топ шеруші Ақ Үйден Конгресс ғимаратына дейін шеру ұйымдастырды.

Шерушілердің көпшілігі кешкі уақытта Ақ Үй алдынан қайтып кетті.

 АҚШ әкімшілігі оқиғаларға қарсы Вашингтондағы шараларды арттыруда.

Кешкі уақытта бас қалаға келетін 1500 Ұлттық сарбазға қоса армияның Вашингтон маңындағы әскери базаларға да қосымша әскер жолдағаны ортаға шықты.

Андревс базасына 82-ші Әуе қолбасшылығы құрамындағы Төтенше жағдайлар бригадасынан 750 әскерге қоса 10 Black Hawk және 4 Chinook типі барлығы 14 тікұшақ жіберілді.

Әскерлердің қазірше кезкелген бір операция жасамайтыны, текқана шара мақсатты аймаққа жіберілгені атап көрсетілді.

Басқа жағынан АҚШ Мемлекеттік Денсаулық басқармасы президенті Жероме Адамс Миннеаполисте өлтірілген қара нәсілді Джордж Флойд үшін ел көлемінде басталған протест шерулері себепті жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясында оқиға санының артатынын алға тартты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш болса АҚШ-тық лауазымдыларға шерушілерге қарсы қатаң шаралар қолданбау тақарыбында шақыру тастады.

Гутерреш твиттерден жасаған мәлімдемеде «Біздің қонақжайлығымызды жасаған ел мен БҰҰ-ның орталығы болған Нью-Йоркте қақтығыстарды көру біз үшін өте өкінішті»деді.

 



Ұқсас жаңалықтар