Ресей 1 шілдеде референдум өткізеді

Владимир Путин 2024 жылы президент сайлауында үміткер болуына мүмкіндік беретін Атазаң өзгерісі үшін референдумның 1 шілдеде өтетінін айтты.

1427474
Ресей 1 шілдеде референдум өткізеді

Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы президент сайлауында үміткер болуына мүмкіндік беретін және елде саяси жүйені өзгертетін Атазаң өзгерісі үшін референдумның 1 шілдеде өтетінін айтты.

Путин 22 сәуірде өтуі жоспарланған, алайда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті кешіккен атазаң өзгерісі референдумына байланысты орталық сайлау комиссиясы және басқа лауазымдылармен жиналыс өткізді.

Коронавирусқа байланысты сақтық шаралары арқылы нашар жағдайлардың алдын алғандарын айтқан Путин елде өмірдің қалыпқа түскенін білдірді.

Референдум уақытының белгіленуі үшін жарияланған уақыттан бастап 30 күн қажет екенін ескерткен Путин:

"Атазаң өзгерісі референдумын 2020 жылы 1 шілдеде өткіземіз" деді.

Путин індет себепті дауыс беру кезінде адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті ұйымдастыруларды жасауға бұйрық берді. 

Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков 2020 жылы 1 шілденің демалыс деп жарияланатынын хабарлады.   



Ұқсас жаңалықтар