АҚШ Израильді аннексия тақырыбында асықпауға шақырды

Беньямин Нетаньяху және Джаред Кори Кушнер кеше телефонда сөйлесті.

1428022
АҚШ Израильді аннексия тақырыбында асықпауға шақырды

АҚШ Израильді басқыншылық астындағы Батыс Шерияда орын алған заңсыз еврей тұрғындары мен Иордания алқабын аннексия тақырыбында асықпауға шақырды.

Израильдің 13-ші телеарнасында орын алған хабарға қарағанда, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы және Кеңесшісі Джаред Кори Кушнер кеше телефонда әңгімелесті. Батыс Шерияда еврейлердің заңсыз тұрғын аймағы және Иордания алқабын аннексия жоспарының қолға алынғаны атап көрсетілді.

Вашингтон әкімшілігінің Миннеаполис қаласында 25 мамыр күні Джордж Флойд атты қара нәсілдінің полиция тарапынан тергеуге алынуы барысында өлтірілуімен басталған шерулер мен жаңа тип коронавирус эпидемиясы тақырыптарында шоғырланғанын тілге тиек еткен Кушнер Нетаньяуды аннексия жоспарын жүзеге асыруда асықпауға шақырды.

Нетаньяхудың бұл шақыруға қалай жауап қайтарғанына орын берілмеді. Израиль премьер-министрі басқыншылық астындағы Батыс Шериядағы заңсыз еврей тұрғын аймақтарының басшыларымен аннексия кезеңін қолға алады.



Ұқсас жаңалықтар