Идлиб аймағында 285 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Сирияның Идлиб аймағында 6 наурызда іске қосылған атысты тоқтату келісімінен осы таңға дейін 285 мыңнан астам адам үйлеріне оралды.

1427162
Идлиб аймағында 285 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Сирияның Идлиб аймағында 6 наурызда іске қосылған атысты тоқтату келісімінен осы таңға дейін 285 мыңнан астам адам үйлеріне оралды. 

Аймақта мигрант санақтарына байланысты жұмыс істеген Сирия координаторы Мұхаммед Халладж осы жайлы мәлімдеме жасады. Халладждың мәлімдемесіне қарағанда Асад режимі және қолдаушыларының әскери операциялардың доғарылуы және атысты тоқтату келісімінің жүзеге асырылуы нәтижесінде бұдан бұрын қоныс аударуға мәжбүр болған бейуаз халықтар үйлеріне қайтуда. 

Атысты тоқтату келісімінен кейінгі мезгілде 57 мың 100 отбасынан тұратын 285 мың 403 адам Идлиб аймағы және Халеб өңіріндегі елді мекендеріне қайта оралды. 

Үйлеріне қайтқандар азаматтық ұйымдардың жәрдемдеріне мұқтаж. 

Енді бір жағынан Асад режими армиясы және Иран қолдауындағы террорист топтардан құралған режим күштерінің бақылуы астында қалған халықтар болса, барлық қиыншылықтарға қарамастан Түркия-Сирия шекара желісіндегі лагерьлерде өмір сүруде. 

Егер атысты тоқтату келісімі жалғасатын болса, онда тіпті көп адам үйлеріне қайтады. 

 



Ұқсас жаңалықтар