Өлім-жітім әлем көлемінде 371 мың 500-ден асты

Жазылып кеткендер саны 2 миллион 712 мың.

1426381
Өлім-жітім әлем көлемінде 371 мың 500-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 371 мың 500-ден асты. Расталған оқиға саны да 6 миллион 196 мың болды. Жазылып кеткендер саны 2 миллион 760 мыңға жетті.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 215-ге көбейіп, 38 мың 376-ға жетті. Оқиға саны 2 мың 445 артып, 272 мың 826-ға өсті.  

Италияда коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны бір күнде 111-ге көбейіп, 33 мың 340 адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің жалпы саны 33 мың 340-ға жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы болса 416 артты.  Жалпы саны 232 мың 664-ке жетті. 

Францияда коронавирус себебімен соңғы 24 сағатта ауруханаларда 57 адам қайтыс болды. Осылайша өлім-жітім 28 мың 771-ге жетті. Вирус анықталған адам саны 1 мың 828-ге көбейіп, 225 мың 898 болды.

Испанияда Covid-19 cалдарынан соңғы бір күнде қайтыс болған 4 адамды қосқанда, жалпы қайтыс болғанар саны 27 мың 125-ке жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы да 239 мың 228 болды.

Португалияда коронавирус салдарынан бір күнде 13 адам  көз жұмып, өлім-жітімнің жалпы саны мың 396-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар