Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 350 мыңнан асты.

1424049
Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 350 мыңнан асты,  оқиға саны 5 миллион 650 мыңнан,  сауығып кеткендердің саны да 2 миллион 50 мыңнан асты. 

Өлім-жітім және вирус жұқтыру саны жағынан эпидемияның орталығы болған Америка Құрама Штаттарында қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты.  1 миллион 710 мың оқиға расталған елде апта аяғында тойланатын “Еске алу” күні шаралары себебімен осы көрсеткіштердің артуы мүмкін. 

Ұлыбританияда коронавирустан өлім-жітім 37 мыңнан асты.  Шын көрсеткіш 47 мың 343 болуы мүмкін деп айтылуда. 

Италияда Covid-19 себепті өлім-жітім соңғы бір күнде 78 артты.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 32 мың 955-ке жетті.  

Францияда соңғы бір күнде ауруханаларда 83 адам қайтыс болды. Қарттар үйіндегі өлім саны да қосылғанда, қайтыс болғандардың жалпы саны 28 мың 530ға жетті,  вирус 219 мың 957 адамда анықталды. 

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі “Соңғы жеті күнде 35 адам қайтыс болды” деп мәлімдеді. Осылайша қайтыс болғандардың жалпы саны 27 мың 117-ге жетті. Елде эпидемияда қайтыс болғандар үшін бүгіннен бастап он күн аза жарияланды. 

Нидерландыда 5 мың 856 адам қайтыс болды, науқастардың саны соңғы бір күнде онға артып,  11мың 690-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар