Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 350 мыңға жетті.

1423554
Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 350 мыңға жетті. Расталған оқиға саны бес жарым миллион, сауығып кеткендердің саны 2 миллион 352 мыңнан асты. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда Covid-19 себепті қайтыс болғандар 36 мың 914-ке жетті.  Жаңа 1 625 оқиға тіркелді. Жалпы вирус жұқтырған науқас саны 261 мың 184-ке жетті. 

Францияда коронавирустан бір күнде 65 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 28 мың 432. Вирус анықталған адам саны болса 219 мың 437-ге жетті. 

Испания Денсаулық сақтау министрлігі болса коронавирус эпидемиясында қайтыс болғандардың санын шамамен екі мыңға азайтып, 26 мың 834 деп жөндеді.  Министрлік соңғы 24 сағатта өлім-жітім дерегін жарияламады. 132 адамда вирус анықталғанын хабарлады. Мадридте жұмыс шарттарына наразылық білдірген медициналық қызметкерлер акция жүргізді.  Елде коронавирус жұққан 50 мыңнан астам медициналық қызметкердің 76-сы қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар