Бүкіл әлемде Ораза айт Сovid-19 эпидемиясы шараларымен қарсы алынды

Мұсылман әлемінің үш күндік Ораза айты бүгін басталды.

1422750
Бүкіл әлемде Ораза айт Сovid-19 эпидемиясы шараларымен қарсы алынды

Әлемнің ең көп мұсылман өмір сүрген Индонезияда Ораза айт жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы шараларымен қарсы алынды.

Елде өмір сүрген мұсылмандар эпидемия шаралары аясында расталған оқиға саны жоғары аймақтарда айт намаздарын үйінен оқыды.

Малайзиялық мұсылмандардың кейбіреулері айт намазын үйінде жанұяларымен оқығанда, ел көлемінде мешіттерде айт намазы мешіт қызметкерлеріне қоса, шектеулі сандағы жамағатпен орындалды.

Пәкістанда Сovid-19 эпидемиясы шаралары аясында іске қосылған шектеулер себепті ұзақ уақыттан бері мешіттерге бара алмаған халық айт намазы үшін елдің символьдерінің бірі болған бас қала Исламабадтағы Файсал мешітінде жиналды.

Ауғанстанда халық эпидемияға қарамастан Ораза айт себепті айт намазын оқу үшін мешіттерді толтырды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Ораза айт Сovid-19 шаралары аясында әлеуметтік қашықтық шартына сәйкес оқылды.

Эпидемия себебімен төтенше жағдай және коменданттық сағат жойылған Грузияның Тбилиси қаласында мұсылмандар айт намазын орталық мешітте оқыды.

Ирактың Киркук қаласында өмір сүрген мұсылмандар эпидемия салдарынан мешіттерге кіргізілмегендіктен Ораза айт намазын қаладағы Токатлы мешіті алдында орындады.

Швейцияның бас қаласы Стокгольмде эпидемия себепті мұсылмандар айт намазын стадионында оқыса, Батыс Фракияда өмір сүрген мұсылман түрік азсандылары Ораза айт намазын эпидемияға қатысты заңнамаға сәйкес рұқсат берілген мешіттерде оқыды.

Қазақстанда мұсылмандар Ораза айтты Сovid-19 эпидемиясына орай үйінде қарсы алып тойлауда.



Ұқсас жаңалықтар