Ауғанстандағы шабуылда 4 адам қаза тапты

Ауғанстанның Забул уәлаятында жол шетіне төселген бомбаның жарылуы кесірінен 4 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды.

1420142
Ауғанстандағы шабуылда 4 адам қаза тапты

Ауғанстанның Забул уәлаятында жол шетіне төселген бомбаның жарылуы кесірінен 4 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды.

Забул уәлаятының қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Мұхаммед Лал Амири Забуылдың Мизан ауданының Хак Тепе аймағында жолдың шетіне төселген бомбаның адамдарды  тасымалдаған көліктің өтуі барысында жарылғанын айтты. 

Амири жарылыста 4 адамның қаза тапқанын және  9 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. 

Енді бір жағынан Херат уәлаятындағы полиция басқармасына ұйымдастырылдған қарулы шабуылда бір полиция қаза тапты. 

Херат қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Абдул Ахад Велизадех куәлігі белгісіз үш шабуылшының Херат Карте аймағындағы полиция басқармасына қарулы шабуыл жасағанын айтты. 

Велизадех шабуылда 1 полицияның қаза тапқанын, шабуылдан кейін шыққан қақтығыста 2 шабуылшының залалсыздандырылғанын және жарақат алған басқа бір шабуылшының да аймақтан қашып кеткенін білдірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар