Ливия үкіметі әуе қорғаныс жүйесін жойып, қарулы бір дронды құлатты

Ливия армиясы көтерілісшіл Хафтер күштеріне қарсы операцияларын жалғастыруда.

1418750
Ливия үкіметі әуе қорғаныс жүйесін жойып, қарулы бір дронды құлатты

Ливия армиясы көтерілісшіл Хафтер күштеріне тиесілі бір әуе қорғаныс жүйесін жойып, қарулы бір дронды құлатты.

Ливия армиясы елдің шығысындағы көтерілісшіл Халифа Хафтерге қарасты қарулы күштердің басқыншылығындағы Ватиййе Әскери әуе базасына Біріккен Араб Әмірлліктері (БАӘ) жіберген екінші бір орыс өнімі Pantsir әуе қорғаныс жүйесі (HSS) және Қытай өнімі Wing Loong II дронды жойғандарын жариялады.

Хафтер басқыншылығындағы әуе базасындағы екі қару қоймасының да Ливия армиясына қарасты күштер тарапынан нысанаға алынғаны білдірілді.

Ливия армиясы кеше де базаға БАӘ жолдаған орыс өнімі Pantsir әуе қорғаныс жүйесін жойғанын жариялаған болатын.

Ливия армиясы әуе базасын көтерісшіл қарулы топтардан тазалау үшін жасаған операциялармен жалдамалы әскерлер мен қарулы топтардың баспанасы және жазықсыз адамдарға бағытталған әуе шабуылдарының орталығы болып белгілі Ватиййе Әскери әуе базасын залалсыздандыруын мақсат еткендерін білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар