Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 306 мыңнан асты.

1418370
Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 306 мыңнан асты.  Оқиға саны да 4 миллион 600 мыңнан асты.  Сауығып кеткендердің саны болса 1 миллион 740 мыңға жақындады. 

88 мыңға жақын өлім-жітіммен эпидемияның орталығы Америка Құрама Штаттарында президентДональд Трамп “Жылдың аяғына дейін вакцинамыз болады деп ойлаймын. Мүмкіндік болса одан бұрын да дайындаймыз” деді. Ақ Үйде баспасөз жиналысын өткізген Трамп “Осы тақырыпта менмен емеспіз. Одақтастарымызбен жұмыс істеп жатырмыз. Вакцинаны кім шығарса да керемет болады” деді.  Осы арада Азық-түлік басқармасы Ақ Үй қолданған коронавирус сынамаларының “қате нәтиже беру мүмкіндігінің жоғары екені” сөздерінен кейін вирустан күдіктенген кісілерге екінші сынама керектігін білдірді. Емделіп USS Theodore Roosevelt кемесіне қайтқан бес әскерден жаман хабар келді.  Әскерлердің коронавирусқа қайтадан шалдыққандары білдірілді.  4 мың 900 әскер міндет атқаратын және наурыз айында карантинге алынған кемеде соңғы рет мыңнан астам оқиға тіркелді. 

34 мың жан шығынымен Еуропада эпидемия орталығы Ұлыбританияда жасалған бір зерттеуде коронавирустың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі ретінде көрсетілген масканы ерлердің әйелдерден аз кигені анықталды. 

Италияда эпидемияда соңғы бір күнде 242 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 31 мың 610-ға жетті. Қазір науқас саны 72 мың 70. Сонымен қатар елде үкімет және Ислам қоғамы өкілдері эпидемия себебімен жабылып қалған мешіттердің 18 мамыр күні ашылуы тақырыбында келісті. 

Францияда Covid-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны 27 мың 529-ға жетті.  Бір күнде 104 адам қайтыс болды.  Соңғы бір тәулікте 942 адамда вирус анықталды. 

14 мыңнан астам жан шығыны бар Бразилияда шамамен бір ай бұрын міндетке келген Денсаулық сақтау министрі Нельсон Теич міндетінен отставкаға кетті.



Ұқсас жаңалықтар