НАТО Триполи үкіметіне қолдау беруге дайын

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйымның Ливиядағы Триполи үкіметіне қолдау беруге дайын екенін айтты.

1417556
НАТО Триполи үкіметіне қолдау беруге дайын

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйымның Ливиядағы Триполи үкіметіне қолдау беруге дайын екенін айтты.

Столтенберг Итлаияның танымал La Repubblica газетіне берген сұхбатында жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күреске және Жерорта теңізіндегі аймақтық оқиғаларға тоқталды.

Йенс Столтенберг Ливиядаға қару эмбаргосына байланысты:

"Ливияда барлық тараптар атқаруға тиісті қару эмбаргосы бар. Бұл БҰҰ тарапынан танылған Файез ас-Серрадж үкіметі мен заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтер басқарып отырған күштерді бірдей көру мағынасына келмейді. Сол себепті НАТО Триполи үкіметіне қолдау беруге дайын" деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

"Ресей мен Қытайдың Италияға жасалған жәрдемге байланысты түрліше жолдармен коронавирус арқылы шындықты бұрмалап, қате хабарлармен ұрандағанын" айтты.

Италия премьер-министрінің Ресейдің жәрдемін қабуылдауы дұрыс па? деген сұраққа орай Столтенберг НАТО-ны аттанысқа келтіргенін және одақтастардың өзара жәрдем үшін талпынғанын, жәрдем шешімінің үкіметтерге байланысты екенін атап көрсетті.

Бас хатшы осындай жәрдемдердің басқа мақсаттар үшін қолдануылмауы керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар