Коронавирус көрсеткіштері

Коронавирустан әлемде өлім-жітім 281 мыңнан, оқиға саны 4 миллион 162 мыңнан асты.

1414623
Коронавирус көрсеткіштері

Коронавирустан әлемде өлім-жітім 281 мыңнан, оқиға саны 4 миллион 162 мыңнан асты.  Сауығып кеткендер саны болса бір миллион 468 мыңнан асты.

Эпидемияның орталығы Америка Құрама Штаттарында Covid-19-дан қайтыс болғандардың саны ең көп Нью-Йоркта. Штатта 27 наурыздан бері ең төмен өлім көрсеткіші тіркелді.  Соңғы бір тәулікте 207 адам қайтыс болды. 521 адамға коронавирус диагнозы қойылды.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда коронавирустан бір күнде 269 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 31 мың 855-ке жетті. Бір күнде 3 мың 923 оқиға тіркелген елде вирус жұқтырғандар саны 219 мың 183-ке жетті. Премьер-министр Борис Джонсон жариялаған шектеулердің жеңілдетілуі тек жаттығу үшін сыртқа шығу, құрылыста жұмыс істейтін және зауыдта жұмыс істейтін жұмысшылар секілді үйде отырып істеуі мүмкін емес кісілердің жұмысына баруына рұқсат берумен шектелді.

Итаияда Covid-19-дан бір күнде 165 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 30 мың 560-қа жетті.  Премьер-министр Джузеппе Конте италиандар үшін алдағы айлардың қиын болатынын,  алайда коронавирус салдарынан карантинде болмайтынын,  баршаның теңізге демалуға баруына болатынын білдірді.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 70 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 26 мың 380-ге жетті. Вирус жұқтырған адам саны 210 мың 728-ге жетті. Бұл елде өлі санында 17 наурыз күніне бергі ең төмен көрсеткіш болды. Елде шектеу шаралары бүгіннен бастап сатылы түрде жеңілдетіледі. Эпидемия жағдайы 2 маусым күні қайта қаралады.

Германияда жұқпалы аурулар саласында жұмыс істейтін Роберт Кох Институты елде 0,65 болған коронавирус жұғу көрсеткішінің 1,1 пайызға артқанын хабарлады. Әлеуметтік қашықтық, маска кию секілді алдын алу шараларына бағыну керектігі атап көрсетілді.

Чехияда 276 адам қайтыс болды.  Вирус жұқтырғандар саны 8 мың 095 болды.

Польшада эпидемиядан қайтыс болғандар саны 791-ге, оқиға саны 15 мың 821-ге жетті.

Сербияда 215 адам қайтыс болып,  оқиға саны 10 мың 114 ретінде тіркелді.

Басқа Еуропа елдеріндегі өлім –жітім көрсеткіштері төмендегідей:

Швейцария 1830, Португалия 1135, Швеция 3 мың 225, Австрия 618, Румыния 952, Дания 529, Финляндия 267, Венгрия 413, Хорватия 90, Словения 102, Босния және Герцоговина 107, Солтүстік Македония 91.



Ұқсас жаңалықтар