Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Шығыста қайтыс болған адам саны күн өткен сайын артуда.

1414125
Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 280 мың 880-ден, расталған оқиға саны да 4 миллион 123 мың 6-дан асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 451 мың 650 болды.

4 мың 633 адам қаза тапқан Қытайда 82 мың 901 оқиға расталды. Ел Сovid-19 эпидемиясымен күресте Солтүстік Кореяға қолдау беруге дайын екенін жариялады.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) вице-премьері және сыртқы істер министрі Өзерсай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жолдаған хатта «СКТР 19 күннен бері оқиға расталмаған алғашқы ел болуы мүмкін. СКТР-нда Сovid-19 эпидемиясынан ем қабылдаған барлық науқастар жазылып шықты» деді.

Израильде болса Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 247-ге, оқиға саны 16 мың 454-ке жетті.

Африка құрлығында жаңа тип коронавирустан қайтыс болғандар саны 77-ге көбейіп, 2 мың 151-ге жетті. Африка науқас бақылау және алдын алу орталығы (Africa CDC) мәлімдемесінде құрлықта соңғы 1 тәулікте оқиға саны болса 3 мың 719 артып, 57 мың 746-ға жеткені атап көрсетілді.

Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны Алжирде 494-ке, Мысырда 514-ке, Мароккода 186-ға, Біріккен Араб Әмірліктері 185, Оңтүстік Африкада 178-ге, Нигерияда 117-ге, Камерунда 108-ге жетті.

Жаңа коронавирустан Иранда 5 мың 422, Үндістанда 2 мың 101, Ресейде мың 827, Бахрейнде 8, Сауд Арабиясы 239, Кувейтте 49, Тунисте 45, Катарда 13, Оманда 17, Йеменде 7, Иракта 107 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар