Эпидемияда Ухан базарының ролі бар

ДДСҰ маманы баспасөз мәслихатын өткізді.

1413829
Эпидемияда Ухан базарының ролі бар

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрінің жарқанаттан туындағанын және Қытайдағы теңіз өнімдері базарының эпидемияның пайда болуында рол ойнағанын білдірді.

ДДСҰ Азық-Түлік қауіпсіздігі маманы Питер Бен Эмбарек видео конференция арқылы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Қытайды Хубэй уәлаятына қарасты Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарының Covid-19 эпидемиясының басталуындағы роліне тоқталды. «Эпидемияда базардың ролі бар.  Бірақ қандай роль ойнады, білмейміз» деді ол.

Эмбарек вирустың Ухандағы базардан шыққан болуы мүмкін екенін, базарда және төңірегінде кездейсоқ табылған болуы мүмкін екенін де назар аударды. Covid-19 эпидемиясының қайнарының жарқанаттар екенін, бірақ осы тақырыптың тексерілуі керектігін білдірген маман: «Бәлкім,  алдымен жануарлар осы вирусты базарға жұқтырды немесе одан бұрын вирус жұқтырған адамдар осы базарға келді» деді.

Эмбарек лауазым иелерінен базарды жабудың орнына жағдайының жақсартуын сұрады.

Қытай үкіметі болса бұл көзқарасқа қарсы шығып отыр.



Ұқсас жаңалықтар