Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Шығыс елдерде Covid-19 салдарынан өлім-жітім артуда.

1413042
Covid-19 эпидемиясында шығыс елдерінде соңғы жағдай

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 271 мың 400-ден, расталған оқиға саны да 3 миллион 939 мың 550-ден асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 355 мың 780 болды.

Беларусьта қайтыс болғандар саны 116, оқиға саны 20 мың 168-ге жетті.

145 адам қайтыс болған Молдовада тіркелген оқиға саны 4 мың 605.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемесіне қарағанда Сovid-19 оқиға саны 21-ге көбейіп, 4 мың 530 адамға жетті. Жазылып кеткендер саны болса 1 мың 518.

Сovid-19 салдарынан 28 адам қайтыс болған Әзербайжанда жаңа 77 оқиға тіркеліп, жалпы науқас саны 2 мың 204 болды.

10 адам көз жұмған Өзбександа Денсаулық сақтау министрлігі 2 мың 269 оқиға расталғанын жариялады.

Тәжікстанда вирус салдарынан қайтыс болғандар саны 12-ге, оқиға саны 461-ге жетті.

Грузияда қазірге дейін 618 оқиға тіркелді. Премьер-министр Георгий Гахария 11 мамыр күнінен кейін дүкендердің ашылатынын мәлімдеді.

Оқиға саны 3 мың 563-ке жеткен Ауғанстанда денсаулық министрі Ферозиддин Фероздың да вирусты жұқтырғаны білдірілді.

Африка құрлығында Сovid-19 анықталған адам саны 51 мың 698-ге көбейді. Оқиға саны жоғары елдер арасында Оңтүстік Африка, Мысыр, Марокко, Алжир, Нигерия, Гана, Камерун және Гвинея орын алады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Африка аймақтық офисі жасаған мәлімдемеде «Бақылауға алу шаралары табыссыз аяқталған жағдайда, Африкада 1 жылдың ішінде  29 бен 44 миллион арасында адамның Сovid-19 вирусын жұқтыруы, 83 пен 190 мың арасында адамның да қайтыс болуы мүмкін» делінді.



Ұқсас жаңалықтар