Еурокомиссиядан президент Ердоғанға алғыс

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен президент Ердоғанға қолдауы үшін алғысын білдірді.

1410967
Еурокомиссиядан президент Ердоғанға алғыс

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен «Коронавирус Жаһандық уәде беру іс-шаралары саммитіне» қатысқан президент Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірді.

Фон дер Ляйен твиттер парақшасынан жаңа тип коронавирус (Сovid-19) сынама, анықтау, емдеу және вакцияна жетілдіруге фонд құру үшін кеше вилео конференция арқылы ұйымдастырылған іс-шараға қатысқан барлық басшылар мен мекеме басшыларына алғысын білдірген бір хабарлама жариялады.

Президент Ердоғанның ресми твиттер парақшасында бөліскен баяндамасына назар аударған Ляйен «Қолдауыңыз үшін алғысымызды білдіреміз» деді.

Видео конференциямен 26 наурызда ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық елдер саммитінде басшылар вакцинаның жылдам жетілдірілуі үшін қаржылай жәрдемге уәде берген болатын. Еурокомиссия басшылығында ұйымдастырылған Коронавируспен күресте Жаһандық  уәде іс-шарасына көптеген ел, халықаралық ұйым, қаржы мекемелері, азаматтық қоғам, жекеменшік сала мен қорлардың өкілдері қатысқан болатын.

Ердоған іс-шара үшін жариялаған хабарламада «Өндірілетін вакцинаға жаһандық қол жеткізудің кепілдікке алынуы және «ешкімді қалдырмай баршаны қамтуы» аса маңызды. Вакцина жетілдіру талпыныстарына бағытталған материалды үлесімізді белгілегенде бұл жайтты назарға аламыз» деген еді.

Іс-шарада жиналған 7,5 миллиард евро бүкіл әлемде қол жетімді және лайықты вакцина, емдеу және сынама қызметінің жетілдірілуі және тарауының алдын алу мақсатты қолданылмақ.



Ұқсас жаңалықтар