Түркияның жәрдемін тасыған ұшақ АҚШ-қа жетті

АҚШ-қа Түркиядан медициналық жәрдем материалдарын тасымалдаған әскери жүк ұшағы Вашингтондағы Joint Base Andrews әскери әуежайына қонды.

1407185
Түркияның жәрдемін тасыған ұшақ АҚШ-қа жетті

Түркияның жәрдем қолы АҚШ-қа дейін созылды.

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен ауыр әсерге ұшыраған елдердің бірі АҚШ-қа Түркиядан медициналық жәрдем материалдарын тасымалдаған әскери жүк ұшағы астана Вашингтондағы Joint Base Andrews әскери әуежайына қонды.

Түркиядан кеше азанда ұшқан А 400М типті ірі тасымал ұшағы АҚШ-қа медициналық маска, бетті қорғайтын қалқан, Н95 маска және қорғаушы киім сияқты көптеген алдын алуға арналған денсаулық сақтау материалдарын алып барды.

Түрік Қарулы Күштеріне қарасты А 400М тасымал ұшағы осының алдында Италия, Испания, Македония, Черногория, Сербия, Босния Герцоговина, Косово, Ұлыбритания және Сомалиге жәрдем материалдарын апарған болатын.

Түркияның коронавирус індетімен күресу үшін барлық мүмкіндіктерімен жәрдем қолын созған ел саны 56-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар