Йеменде сепаратистер өздерінің жеке мемлекетін жариялады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Йемендегі соңғы жағдаймен байланысты мәлімдеді.

1407578
Йеменде сепаратистер өздерінің жеке мемлекетін жариялады

Йеменде сепаратистер өздерінің жеке мемлекетін жариялады.

АҚШ Йеменде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) қолдау берген жікшіл Оңтүстік уақытша кеңесінің (ОУК) жеке мемлекет құрғаны және төтенше жағдай жариялағаны жөніндегі мәлімдемесіне алаңдағандарын білдірді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Йемендегі соңғы жағдаймен байланысты жасаған жазбаша мәлімдемеде «АҚШ өзінің жеке мемлекет құрылғанын жариялауға қоса, Оңтүстік уақытша кеңес басқан соңғы қадамдар бізді алаңдатуда. Бұл бір жақты қадамдар Йемендегі тұрақсыздықты оданда күрделендіреді» деді.

Помпео бүкіл әлем және Таяу Шығыста жаңа коронавирус (Сovid-19) қаупі жалғасқан бір ортада Оңтүстік уақытша кеңесі аталмыш қадамның елдегі жағдайды одан да қиындата түсетінін баса айтты.

Помпео «Оңтүстік уақытша кеңесі мен Йемен үкіметіне Эр-Рияд келісімі шаңырағы астында саяси кезеңді қайтадан жандандыруға шақырамыз» деді.

Сауд Арабиясы әкімшілігі болса Йемен үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері қолдау берген жікшіл Оңтүстік уақытша кеңесі арасында қол қойылған Эр-Рияд келісіміне қарама-қайшы басылған барлық қадамдардың тоқтатылу керектігін жариялады. Сауд Арабиясы Министрлер Кеңесі жасаған және елдің ресми хабар агенттігі SPA-да орын алған мәлімдемеде Аден қаласы аумағы мен оңтүстік қалаларда Оңтүстік уақытша кеңесінің жеке мемлекет құрғаны және төтенше жағдай жариялау алдындағы жағдайға қайта оралу керектігі атап көрсетілді.

Оңтүстік уақытша кеңесі 26 сәуір күні Йеменнің оңтүстігінде «жеке мемлекет» құрғанын жариялаған болатын.

Йемен үкіметі мен Оңтүстік уақытша кеңесі арасында Эр-Рияд келісімін іске қосу мақсатты 20 сәуір күні жаңа бір келісімге қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар