Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 212 мың 300-ден асты

Расталған оқиға саны бүкіл әлемде 3 миллион 81 мың 500-ден асып түсті.

1406457
Covid-19 салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 212 мың 300-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде  212 мың 300-ден, расталған оқиға саны да 3 миллион 81 мың 500-ден асты.  Жазылып кеткендер саны болса 932 мың болды.

Эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та қайтыс болған адам саны 56 мың 245-ге жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 333 адам артып, 26 мың 977, расталған оқиға саны 199 мың 414-ке шегерілді.

Францияда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 437-ге көбейіп, 23 мың 293-ке, жаңа оқиға саны болса 4 мың 711 артып, 196 мың 69 болды.

Ұлыбританияда болса Сovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 360-ға көбейіп, 21 мың 92-ге, жаңа оқиға саны болса 4 мың 310 артып, 157 мың 149 болды.

2 мың 781 адам қайтыс болған Канада да 452 жаңа оқиға санын қосқанда жалпы расталған оқиға саны 4 мың 678-ге жетті.

Латын Америка мемлекеті Мексикада жаңа тип коронавирус салдарынан соңғы 1 тәулікте 46 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі оқиға санының 835-ке көбейіп, 14 мың 677-ге жеткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар