СҰА мен террористтер қақтығысты

«Бейбітшілік бұлағы» операцияық аймағында қақтығыс шықты.

1403170
СҰА мен террористтер қақтығысты

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына кіруге әрекет жасаған YPG/PKK-лық террористтер мен Сирия Ұлттық армиясы (СҰА) әскерлері арасында қақтығыс шықты.

Шанлыурфаның Джейланпынар ауданына қарама-қарсы аймағында жүзеге асқан «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағы мен террордан тазаланған Расулайн аудандық орталығының оңтүстігіндегі Телль-Темирдің айналасында YPG/PKK-лық террористтер мен СҰА әскерлері арасында қақтығыс шықты. Қақтығыс нәтижесiнде террористтердің аймаққа кіруінің алды алынды.

Евфраттың шығысында басқыншылығы жалғасқан YPG/PKK террор ұйымы қауіпсіз аймақтың шетінен Расулайн мен Телль-Абяд аймақтарын нысанаға алуда.



Ұқсас жаңалықтар