АҚШ вирустың Ухан лабораторияларында шыққанын пайымдауда

Том  Коттон жаңа коронавирус індетінің шығу  дәлелдері ретінде  Ухандағы лабораторияларды көрсетті.

1402945
АҚШ вирустың Ухан лабораторияларында шыққанын пайымдауда

Америка Құрама Штаттарының Арканзас штатының сенаторы Республикашыл Том  Коттон жаңа коронавирус індетінің шығу  дәлелдері ретінде  Ухандағы лабораторияларды көрсетті. 

"Wall Street Journal" газетінде жариялаған мақаласында Том Коттон Қытайдың алғашқы жаңа коронавирус оқиғаларының Ухандағы су өнімдері базарына барған адамда байқалғанын пайымдады. Коттон сонымен қатар алғашқы оқиғаның  осы базарға барған бір адамнан жұққандығының анықталғанын білдірді. 

Том Коттон  вирус көп болған жарқанаттардың Ухандағы базарда сатылғанын да мәлімдеді. 

Коттон Уханда Вирология институтының және Қытай жұқпалы ауруларды бақылау мен алдын алу орталығының базарға жақын жерде лабораториялардың болғанына назар аударды. 

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің екі жыл бұрын Вирология институты лабораториясының қажетті медициналық шараларды жасамағаны жайлы ескертудің өздеріне жеткізілгенін еске салған Колтон Қытай вирустың лабораторияларынан шыққаны туралы пайымдауды қабылдамағанын, сондай-ақ қаңтар айында лабораторияға әскери лауазым иелері кіріп, базаның медициналық және қауіпсіздік құжаттарын  жаңалағанын жазды. 

Осы әскери лауазым иелері  лабораторияда вирус тақырыбында әріптестеріне ескерту жасаған дәрігерлерге құқай көрсеткенін алға тартқан Коттон "Вирустың қауіпсіздік коды жөнінде жұмыс істеген лабораторияларға қолындағы үлгілерді жою бұйрықтары берілді. Барлық дәлелдердің Ухандағы лабораторияларда екені байқалуда. Алайда Қытайдың жасыруынан ешқашан тікелей және нақтылы бір дәлелдер таба алмаймыз" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар