"Вакцинасыз өмір қалпына енбейді"

Роберт Кох Институты директорының орынбасары коронавирус вакцинасы табылмаса,  өмірдің қалпына келмейтінін айтты.

1402509
"Вакцинасыз өмір қалпына енбейді"

Германиядағы Роберт Кох Институты директорының орынбасары Ларс Шааде коронавирус вакцинасы табылмаса,  өмірдің қалпына келмейтінін айтты. 

Берлинде баспасөз мәслихатын өткізген Шааде ел көлемінде коронавирус сақтық шараларына бағынуды сұрап: “Вакцинасыз өмір қалпына келмейді” деді. 

Шааде: “Соңғы бірнеше аптада көп нәрсе тындырдық. Бірақ жағдай әлі де маңызды.  Тап қазір эпидемияның соңы көрінбейді, яғни вирус кетпеді. Оқиға саны қайтадан артуы мүмкін” деді. 

Шааде қоғамдық көліктерде және қоғамға ашық алаңдарда маска киюге кеңес берді.



Ұқсас жаңалықтар