Коронавирустан өлім-жітім әлем көлемінде 126 758 болды

484 597 адам сауығып шықты.

1398377
Коронавирустан өлім-жітім әлем көлемінде 126 758 болды

Коронавирустан өлім-жітім әлем көлемінде 126 758 болды. Расталған оқиға саны 2 миллион 243-ке жетті.  484 597 адам сауығып шықты. 

Эпидемияның орталығына айналған Америка Құрама Штаттарында қайтыс болғандар саны соңғы бір күнде 2 420 болды.  Осылайша елде қайтыс болғандар жалпы саны 26 064-ке жетті. Елде вирус барлығы 27 091 адамға жұқты. Эпидемия Нью-Йоркта қатты әсер етуде. Нью-Йоркта 10 058 адам қайтыс болды. 200 мыңға жақындаған оқиға саны да уайымды арттыруда. Осы арада Нью-Йорк қалалық Медицина басқармасы сынама жасалмаған 3 700-ден астам адамның коронавирустан қайтыс болғанын білдірді. 

Штатта енді жылжымалы морг қолданыла бастады. 

Испанияда оқиға саны 174 060-қа жетті. 

Италияда бір күнде 602 адам қайтыс болды. Елде жалпы өлім-жітім 21 067-ге жетті. Вирус жұққандардың саны 162 488-ге жетті. Ал 37 130 адам сауығып шықты. 

Францияда соңғы бір тәулікте 562 адам қайтыс болды.  Жалпы өлім-жітім 15 529-ға жетті. Вирустың бір күнде 6 524 адамға жұққаны анықталды. 

Германияда кеше сегіз түрік азаматы коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болды.  Елде жалпы 3 424 адам қайтыс болды. Расталған 132 210 оқиға бар. 

Латын Америка елдерінің бірі Бразилияда 1532 адам қайтыс болды. 25 684 оқиға тіркелді. 

Перудың мемлекет басшысы Мартин Вискарра эпидемиядан 230 адам қайтыс болғанын, 10 мыңнан астам оқиға тіркелгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар