Путин жағдайдың нашарлағанын айтты

Владимир Путин елінде коронавирус жағдайының нашарлай бастағанын айтты.

1397213
Путин жағдайдың нашарлағанын айтты

Ресей президенті Владимир Путин елінде коронавирус жағдайының нашарлай бастағанын айтты. 

Кабинет жиналысында коронавирусқа байланысты сөз сөйлеген Путин еліндегі жағдайдың нашарлағанын,  алайда сақтық шараларының орынды екенін білдірді. 

Путин сонымен бірге барлық медициналық мекемелердің мұқтаждықтарының қамдалуы керектігін атап көрсетті. Ол сақтандыру жабдықтары мен медициналық материалдардың барлық аймақтарға жіберілуіне нұқсау берді. 

Путин қажет болғанда армияның мүмкіндіктерінің де эпидемиямен күресте қолданылуы мүмкін екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар