Йемен үкіметінен халықаралық қоғамға шақыру

Йемен үкіметі Сауд Арабиясы жариялаған бітімді хоуситтердің де қабылдауы үшін халықаралық қоғамға шақыру жасады.

1396881
Йемен үкіметінен халықаралық қоғамға шақыру

Йемен үкіметі Сауд Арабиясы бастаған халықаралық коалиция күштері жариялаған бітімді хоуситтердің де қабылдауы үшін халықаралық қоғамға шақыру жасады.

Йемен хабар агенттігі SABA-ға қарағанда Сыртқы істер министрлігі коалиция күштерінің бітім шешімін қолдаған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесіне ризашылығын білдірді.

Мәлімдемеде Йемен үкіметінің өткен бейсенбі күні жарияланған атысты тоқтату бітіміне болымды жауап қайтаруының БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің шақыруының артынан жүзеге асқаны атап көрсетілді.

Халықаралық қоғам және қауіпсізщдік кеңесінен бітімге болымды жауап қайтаруы үшін хоуситтерге қысым жасалуын талап етті.

Мәлімдемеде сондай-ақ хоуситтердің шабуылдарын жалғастырып, бітімге жақындамаулары айыпталды.

Йемендегі хоуситтердің мәлімдемешісі Мұхаммед Абдүсселам болса Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері бір жақты жариялаған бітімнің уақыт ұту және жаңылыстыру мақсатты қабылданғаны алға тартылды.

Абдүсселам хоуситтерге тиесілі Әл-Месира телеарнасында жарияланған мәлімдемесіне коалиция күштерінің қоршауына қоса құрлық пен әуеден шабуылдарын арттырып жалғастырғанын білдірді.

Коалиция күштері тақырыппен байланысты мәлімдеме жасамады.

Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері «Сovid-19» эпидемиясы себепті Йеменде 9 сәуір күнінен бастап, 2 аптаға атысты тоқтату жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар