Борис Джонсон емханадан шықты

Емханадан сауығып шыққан Борис Джонсон Ұлттық Денсаулық сақтау орталығы қызметкерлеріне алғысын айтып, "Оларға өмірімді борыштымын" деді.

1396531
Борис Джонсон емханадан шықты

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен емделіп жатқан емханадан сауығып шықты.

Емханадан сауығып шыққан Борис Джонсон Ұлттық Денсаулық сақтау орталығы қызметкерлеріне алғысын айтып, "Оларға өмірімді борыштымын" деді. 

Коронавирусты жұқтырып, Премьер-министрліктегі үйінде өзін карантинге алған Борис Джонсон жағдайы ауырласқан соң 6 сәуірде емханада жан сақтау бөліміне кірген болатын.

Жан сақтау бөлімінде 3 күн жатқаннан кейін емханадан шыққан Джонсон ағылшын баспасөзіне жасаған мәлімдемесінде Ұлттық Денсаулық сақтау орталығы қызметкерлеріне алғысын айтты. 

Джонсон: "Оларға өмірімді борыштымын. Қаншалықты алғыс айтсам аз" деді. 

Премьер-министрлік офисінен жасалған мәлімдемеде Джонсонның денсаулық жағдайы жақсарып келе жатқаны, недәуір оңалып қалғаны білдірілді.   



Ұқсас жаңалықтар