Коронавирустан 87 мыңнан астам адам қайтыс болды

Расталған оқиға саны бір жарым миллионнан асты.

1394293
Коронавирустан 87 мыңнан астам адам қайтыс болды

Коронавирустың жаңа түріне байланысты өлім-жітім әлем көлемінде 87 мыңнан,  расталған оқиға саны бір жарым миллионнан асты. 

Өлім саны бірнеше күннен бері төмендеп келе жатқан Италияда соңғы 24 сағатта 542 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 17 669. Елде расталған оқиға саны 95 262 болды. 

Францияда жаңа тип коронавирус эпидемиясынан қайтыс болғандар саны соңғы 24 сағатта 541. Барлық адам шығыны 10 869-ға жетті. Оқиға саны болса 112 950-ге жетті. Коронавирус салдарынан елде 6,3 миллион адамның жұмыссыз қалғаны білдірілді. 

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түріне байланысты соңғы 24 сағатта 938 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 7 097 -ге жетті. 

Швецияда қайтыс болғандар саны 687 -ге жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны да 8 419 болды.



Ұқсас жаңалықтар