Коалиция күштері атысты тоқтату үшін келісім жариялады

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері коронавирус індеті салдарынан Йеменде бүгіннен бастап екі апталық атысты тоқтату үшін келісім жариялады.

1394228

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі  SPA-ның хабарына қарағанда коалиция күштері мәлімдемешісі Турки Әл-Малики "Жаңа типті коронавирус салдарынан Йеменде 9 сәуірден бастап екі апталық атысты тоқтату үшін келісім жарияланды" деген сөздер қолданды. 

Малики бұл атысты тоқтату келісімінің Йемен үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуіне сай жасалғанын білдірді. 

Ұзақ уақыттан бері тұрақсыз болған Йеменде Иран қолдауындағы хоуситтер 2014 жылы қыркүйек айынан осы таңға дейін астана Сана және кейбір аймақтардың бақылауын қолдарына алуда еді.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылы наурыз айынан қазірге дейін Йемен үкіметіне қолдау беріп келген. 

Ұқсас жаңалықтар