Әлемде коронавирустан 82 мың адам көз жұмды

Әлемде коронавирустан көз жұмған адам саны 82 мыңнан асса, оқиға саны 1 миллион  433 мыңнан асты.  303 мыңнан адам жазылып шықты.

1393547
Әлемде коронавирустан 82 мың  адам көз жұмды

Әлемде коронавирустан көз жұмған адам саны 82 мыңнан асса, оқиға саны 1 миллион  433 мыңнан асты.  303 мыңнан адам жазылып шықты. 

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухан қаласында  бірнеше айға созылған карантин аяқталды.

Осы барыста Қытайда соңғы тәулікте коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болды. Осылайша ел көлемінде көз жұмған адам саны 3 мың 33-ке, оқиға саны  81 мың 802-ге көтерілді.  

Иранда жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 4 мың 3-ке көтерілді. 

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ халық егер үкіметтің коронавирустың тарылуын тосуға байланысты қағидаларын атқаратын болса, онда төтенше жағдайдың бір ай ішінде аяқталуы мүмкін екенін баяндады.  

Ресейде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 мың 175  адам анықталды.

Израильде COVID-19 салдарынан қайтыс болған адам саны 65-ке жетсе, оқиға саны  9 мың 248-ге көтерілді.  

Сауд Арабиясында коронавирустан көз жұмған адам саны 41-ге, оқиға саны  2 мың 795-ке шықты. Денсаулық сақтау министрі Тевфик Әр-Рабия оқиға санының келесі апталарда кем дегенде  10 мың болатынын айтты. 

Тунисте коронавирус салдарынан  22  адам қайтыс болды. Елде вирус жұқтырған адам саны 596-ға ұласты. 

Сенегалде COVID-19 салдарынан 2 адам қайтыс болды. Мемлекетте оқиға саны 237-ке ұласса,  105 адам жазылып шықты. 

3 адам көз жұмған Тогода оқиға саны 65-ке жетті. 

Код-д'Ивуарда коронавирус салдарынан 3 адам қайтыс болды. Мемлекетте оқиға саны 323-ке жетті және  41 адам жазылып шықты. 

Сомалиде коронавирус жұқтырған 8 адам тіркелді.

Ливия ұлттық келісім үкіметі Әділет министрлігінен жасалған мәлімдемеде індеттің алдын алу шаралары аясында 1 мың 347 тұтқынның қоя берілгені білдірілді. Мемлекетте 1 адам көз жұмса, оқиға саны 21-ке жетті.  

Оманда да шетелдік қылмыскерлер Оман Сұлтаны Хайсем бин Тариктің бұйрығымен еркін қоя берілді. Оманда коронавирус салдарынан 2 адам қайтыс болды және оқиға саны 419-ға ұласты.  

 

 



Ұқсас жаңалықтар