Хасан Рухани IMF-ке үндеу тастады

Иран президенті Хасан Рухани IMF-ке әлемдегі елдерге несие беруде бөле-жарушылық жасамау жайлы үндеу тастады.

1393696
Хасан Рухани IMF-ке үндеу тастады

Иран президенті Хасан Рухани IMF-ке әлемдегі елдерге несие беруде бөле-жарушылық жасамау жайлы үндеу тастады. 

IMF-ке Иранның коронавируспен күресу үшін талап еткен 5 миллиард долларлық жедел жәрдем ақшасының берілуі жөнінде үндеу тастаған Рухани "Халықаралық ұйымдарды міндеттерін атқару тақырыбында ескерту жасаймын. Біз IMF мүшесіміз. Несие беретін кезде бөле-жарушылық жасалмауы керек" деген сөздер қолданды. 

Рухани сонымен қатар Америка Құрама Штаттарының Иранға бағытталған санкцияларын "экономикалық терроризм " деп түсіндірді. 

Иран Орталық Банк бас директоры Абдуннасыр Химмети 12 наурызда IMF-тен жаңа типті коронавируспен күресуде қолдануы үшін 5 миллиард долларлық несие талап еткенін жариялаған еді. 

Иранда коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 3 мың 872-ге және оқиға саны  62 мың  589-ға ұласқаны білдірілді.  

 



Ұқсас жаңалықтар