Израиль полициясы Иерусалим губернаторын тергеуге алды

Израиль полициясының Иерусалим губернаторы Аднан Гайстты тергеуге алғаны білдірілді.

1391547
Израиль полициясы Иерусалим губернаторын тергеуге алды

Израиль полициясы Палестина әкімшілігінің Иерусалим губернаторы Аднан Гайсты тергеуге алды.

Жергілікті ақпарат көздері Израиль полициясының Иерусалим губернаторы Аднан Гайстты басқыншылық астындағы Иерусалимнің Сильван аумағындағы үйіне басқын жасап тергеуге алғанын білдірді.

Гайсты неліктен тергеуге алынғаны жайлы Израиль полициясы мәлімдеме жасамады.

Израиль күштері 3 жылдан бері Иерусалим губернаторлығы міндетін атқарған Гайсты бұл мерзім ішінде 17 рет тергеуге алды.

Палестина әкімшілігіне қарасты Иерусалим Ішкі істер министрі Фади әл-Хедми де жұма күні азанда Шығыс Иерусалимдегі үйіне жасалған басқында тергеуге алынып, кейін еркін жіберілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар