Испания мен Италиядан Түркияға алғыс

"Сovid-19"-бен күрес аясында Испания мен Италияға Түркия кеше жолдаған медициналық жәрдемге көптеген лауазымдыдан алғыс келді.

1389772
Испания мен Италиядан Түркияға алғыс

Жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясымен күрес аясында Түркияның кеше Испания мен Италияға жолдаған медициналық материалдар үшін көптеген алғыс келді.

Испания Сыртқы істер министрі Аранка Гонзалес Лая твиттерден Ұлттық Қорғаныс министрлігінің тақырыппен байланысты жолдамасын бөлісті. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлун да жолдамаға қосып, алғысын білдірді.

Чавушоғлу болса әріптесіне «Достар бүгін үшін. Одақтасымыз Испанияға сәлем» деп жауап қайтарды.

Испания Бас штаб басқармасы төрағасы Мигель Анхель Вильярроя да ресми әлеуметтік медиа парақасынан Түркия мен қолдау берген НАТО-дағы басқа одақтастарына алғысын білдірді.

Испанияның НАТО тұрақты өкілі твиттерден жасаған «Сovid-19»-бен күресте біргеміз» жолдамасы және жүктердің үстінде жазған Әзірет Мәулананың «Үмітсіздіктің арғы жағында не деген үміттер жатыр. Қараңғылықтың арғы жағында не деген Күндер бар» деген сөздерін бөлісіп, Түркияға алғысын білдірді.

Испания Қорғаныс министрлігі Қорғаныс саясаттары Бас директоры генерал майор Фугиеро «Түрік ұлты испан халқымен ынтымақтастығын көрсетті. Ризамыз, алғысымызды білдіреміз» деді.

Италияның ресми мекемелерінен де көптеген алғыс келді.

Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо твиттерден жасаған мәлімдемеде Түркияға жәрдем апарған ұшақтың фотосуретін бөлісіп, «Бүгін Түркиядан Иалияға қарсы бір ынтымақтастық жесті жасалды» деді.

Түркияның Италияға жолдаған меициналық жәрдемдерді тасымалдаған әскери жүк ұшағы «Practica di Mare» Әуе базасына қонды. Әуе базасында ұшақты қарсы алған Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо «Бүгін келген бұл жәрдем біз үшін аса маңызды. Президент Ердоғанға, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна және барлық түрік халқына ынтымақтастығы үшін алғысымызды айтамыз» деді.

Чавушоғлу болса әріптесіне «Достар қиын күндер үшін бар» деген хабарлама жолдады.

Твиттерден хабарлама жариялаған Италияның НАТО Тұрақты өкілі «Түрік достарымызға ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз» деді және «Бірге мықтымыз, бәрімі бірге НАТО-мыз» деді.

Еуроодақ парламенті Түркия рапортшысы Нако Санчез Амор болса Түркия Испанияға жолдаған меициналық материалдар үшін алғысын білдіріп, «Ортаға қойған ынтымақтастықты еш ұмытпаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар