Covid-19 салдарынан бүкіл әлемде 38 мыңнан астам адам қайтыс болды

Бүкіл әлемде вирусты жұқтырған адам саны 800 мыңнан асты.

1388132
Covid-19 салдарынан бүкіл әлемде 38 мыңнан астам адам қайтыс болды

Бүкіл әлемде жаңа тип коронавирус (Covid-19) салдарынан қаза тапқан адам саны 38 мың 748, вирусты жұқтырған адам саны  800 мыңнан асты.

Солтүсчтік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) «Сovid-19» эпидемиясына қарсы бүгіннен бастап сағат 21.00 – 06.00 уақыттары арасында коменданттық сағат жарияланды. Бір неміс турист эпидемия салдарынан қайтвыс болған  СКТР-да вирусты жұқтырғандар саны 69-ға жетті.

Жаңа коронавирус салдарынан 2 мың 700-ден астам адам қаза тапқан Иранда кем дегенде тағы 2 ай ауыр өтуі күтіледі. Иран президенттік аппараттың Ғылым, технология және ақпараттық экономиканы жетілдіру кеңесі мәлімдемешісіПервиз Керими 5 бөлек сценарийді қамтыған рапортты бөлісті. Осыған қарағанда эпидемияның 5 жағдайда да маусым айының басына дейін жоғары риск деңгейінің жалғасуы болжалады.

Әзірбайжанда коронавируспен күрес аясында комендаттық сағат жарияланды. 4 адам қаза тапқан 273 оқиға тіркелген елде денсаулық, инфрақұрылым, қатынас және логистика, азық-түлік өндірісі, мұнай және табиғи газ, банк саласы сияқты бір қатар салаларда жұмыс істейтіндер коменданттық сағаттан тыс қалдырылды.

Палестина аумағында “Covid-19”-дан қаза тапқандар саны 117 адамға жетті. Газаның жаңа тип коронавируспен күрес тақырыбында Түркия осында құрған Газа Палестина-Түркия достық ауруханасы үміт болмақ. Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі басқармасы (ТИКА) жасаған мәлімдемеде Түркия салған Палестинаның ең үлкен денсаулық орталығы Газа Палестина-Түркия достық ауруханасы президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен коронавирус эпидемиясы мен күрес аясында палестиналық лауазымдыларға табыс етілді.

Иракта жаңа коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны 46-ға, тіркелген оқиға саны 630-ға жетті.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңесшілерінің бірі вирус жұқтырғаны себепті карантинге кіруге шешім қабылдады. Денсаулық министрлігі мағлұматтарына қарағанда елде Сovid-19 салдарынан 15 адам қаза тапты, вирусты жұқтырған адам саны 4 мың 347-ге жетті.

Мароккода “Covid-19” эпидемиясынан қайтыс болған адам саны 574.

 



Ұқсас жаңалықтар